Қарағанды облысында 4,5 километр ау тәркіленді

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы арнайы жүргізілген операция барысында 4,5 км ау тәркіледі.

Тәртіп сақшылары үш күн ішінде аймақтағы су қоймаларының барлығын сүзіп өтіп, 40 браконьерді қолға түсірген. Заңсыз балық аулағандардың барлығына айыппұл салынды. Ал Ұлытау ауданының азаматы 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тінту кезінде оның көлігінен 350 келі балық табылған.

Айта кету керек, 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында балық аулауға тыйым салынған.

Ерболат Изатов, табиғатты қорғау полициясының басшысы:

- 20 сәуір мен 20 мамыр арасында көксерке дейді – судакты аулауға болмайды Қарағанды облысы аумағында. 1 мамыр-30 мамыр аралығында карп, сазанды аулауға болмайды. Қалған балықтарды аулауға болады, путевкаларын алып. Бір балықтың ішінде бәленбай мың уылдырық болады. Соны ауламасақ осы тыйым салынған уақытта, табиғатымызда балығымыз көбейеді.