Шымкентте Өзбекстаннан келген 36 жастағы әйел белгісіз заттан уланып қайтыс болды

Шымкентте Өзбекстаннан келген 36 жастағы әйел белгісіз заттан уланып қайтыс болды

Оның екі баласы ауруханада ауыр халде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, анасы мен балалары қалаға пойызбен келген және жатақханада бөлме жалдаған. Көз жұмған әйелдің мәйіті сол жерден табылды. Бөлмеден улы газ анықталмады. Сондықтан мамандар тамақтан улану жағдайы деген болжам жасап отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сот медициналық сараптама тағайындалды.

Бахадыр Расулов, Әл-Фараби аудандық ТЖБ бастығы:

- Хостелдің 3-пәтерінде белгісіз азаматшаның мәйіті табылған болатын. Бұл факт бойынша оқиға орнына шыққан барысында 1985 жылғы азаматша және қасында екі баласы болған. Біреуі 2010 жылы, енді біреуі 2016 жылы туған. Қазіргі таңда балалары медициналық орталыққа орналастырылды. Бір баланың жағдайы орташа, екіншісі жан сақтау бөлімінде ем қабылдауда.