Павлодарда қыз баланы тұншықтырмақ болған шетелдік психикалық орталыққа жіберіледі

Павлодарда қыз баланы тұншықтырмақ болған шетелдік психикалық орталыққа жіберіледі

Оңтүстік Африкадан келген 25 жастағы жігіт 32 жастағы келіншекке үйленген.

Екеуі әлеуметтік желі арқылы танысқан екен. Отбасы облыс орталығының іргесіндегі Кенжекөл ауылында тұрған. Енді ер адамның бойында психикалық ауытқушылықтары бар екені белгілі болды. Ол көрші үйдің қызын тұншықтыруға әрекет жасаған. Абырой болғанда баланың әкесі келіп, қызын құтқарып қалған.

Жанна Тергемесова, облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың баспасөз хатшысы:

– Оңтүстік Африка азаматы қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған қатысты медициналық шаралар жүргізілмек. Яғни ол психикалық денсаулық орталығында мәжбүрлі түрде емделеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.