Біреудің атынан несие алған шымкенттік ұсталды

Петропавлдық полицейлер басқа біреулердің атынан несие алған шымкенттік азаматты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жәбірленушілердің жеке куәлігін әлеуметтік желілерден тауып, қаржы ұйымдарына өтініш беріп отырған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, осылайша, 50 адам қарызға батқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Шымкентке арнайы барып, күдіктіні үйінде қолға түсірді. Кейін ол Петропавлға жеткізіліп, уақытша ұстау абақтасына қамалды. Қазір тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 211 ғаламтор алаяғы тіркелді.

Пётр Климов, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

- Шағын несиелік ұйымдардың мәселесі реттеліп жатыр. Бұл мәселе Ішкі істер министрлігімен көтеріліп, оларға қатысты тәртіп күшейді. Қазір қарыз ақша өтініш беруші адамның жеке өзіне ғана беріледі.