423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысында гараждан екі жасөспірімнің мәйіті табылды

  • 251
  • UPD: 14:39, 04.05.2021
Алматы облысында гараждан екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Алматы облысында гараждан 17 жастағы екі жеткіншектің денесі табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алдын ала болжам бойынша балалар автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған. Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаны растап, пікір білдірді.

«Алматы облысының Полиция департаменті 28 сәуірде Панфилов АПБ тергеу-жедел тобы Жаркент қаласындағы жеке үйлердің біріне шақырту бойынша келіп, үйдің гаражынан кәмелетке толмаған екі баланың (екеуі де 2004 жылы туған) мәйітін тапқанын хабарлайды. Қинап өлтіру белгілері анықталмады.

Алдын ала болжам бойынша балалар автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы