Ақтауда Ұлттық ұлан сарбаздары адасып кеткен баланы тауып берді

Ақтауда Ұлттық ұлан сарбаздары адасып кеткен баланы тауып берді

Ақтау қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері адасып кеткен 7 жасар баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 мамыр күні кешкісін болды. Сағат 18:30 шамасында қатардағы жауынгерлер Әлихан Сәрсенов, Райымбек Құбаш, Сапарғали Сәрсенбеков көшеде жылап отырған 7 жасар ұл баланы көреді. Сұрастырып білген кезде Әлиханның ойнап жүріп адасып кеткенін анықтайды. Арада 15 минуттан кейін баланы өздігінен іздеп, таба алмаған анасы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне жолығады. Сәуле Тасмағамбетова ұлы Әлихан Құлхановты тез тауып бергені үшін 6656-әскери бөлім командирінің атына хат жазып, сарбаздарға ризашылығын білдірді. Қырағылық көрсеткені үшін аталған жауынгерлер 6656-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.