Оралда екі жастағы қыз бала екінші қабаттан құлап кетті

Оралда екі жастағы қыз бала екінші қабаттан құлап кетті

Орал қаласында 2 жасар қыз екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖД мәліметінше, оқиға 15 мамыр күні сағат 12:30-да Н.Назарбаев даңғылы 148/1-мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйде болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылғы қыз екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалды деген күдікпен қыз бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, екінші қабаттан құлаған қыз құйымшақ пен жамбастың жабық сынық жарақаты және құлағы көгерген деген күдікпен анасымен бірге облыстық көп бейінді балалар ауруханасына жеткізілді.