427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада желден үйдің шатыры ұшты

  • 120
  • UPD: 09:45, 17.05.2021

Қызылордада қатты жел соғып, жер үйдің шатырын ұшырып әкетті. Оқиға Арай ықшам ауданында болды. Жоғары кернеулі электр желісіне ілініп қалған қаңылтыр жабындыны тұрғындар өз күштерімен ала алмағасын құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, өңірдің кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен.

Өскемен-Алтай тас жолында жүк көлігі аударылып, өртке оранды. Оқиға орнынан автокөлік жүргізушісі мен үш жолаушының мәйіті табылды. Олардың екеуі балалар. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рульді басқара алмай қалған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен 6 жасар қызды тауып берді. Баласын іздеп, безек қаққан ана Қаратау ауданының полиция бөліміне хабар берген. Іздеу жұмыстарына жеке құрам мен қызметтік иттер жұмылдырылды. Жоғалған қыз күн бата көрші үйден табылып, ата-анасына жеткізілді.

Алматы қаласындағы Қарасу шағын ауданында жиһаз цехы орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері дереу жетіп, нысан ішіндегі адамдарды эвакуациялаған. Жолдағы көліктерді жылдам таратты. Қою түтін ішінен шығарылған 7 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы