Жедел жәрдем көлігін ұрлаған БҚО тұрғыны темір қақпаға соғылды

Батыс Қазақстан облысы Переметный ауылының тұрғыны жедел жәрдем көлігін ұрлап айдап кетіп, кейін жол-көлік оқиғасын жасады.

Жиһаз құрастырушы болып істейтін жас жігіт аяғын жарақаттап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оны аудандық ауруханаға жеткізіп, тиісті ем-домын жасайды. Бірақ қайтар жолда жаяу жүргісі келмеген күдікті аурухананың қызметтік УАЗ көлігіне отырып тайып тұрмақ болған. Алайда алысқа ұзай алмай, ауыл мектебінің темір қақпасына соғылады. Кейін көлік иесінен қашқан күдікті жараланған аяғына қарамастан дуалдан секіріп қашып кетеді. Бірақ көп ұзамай қолға түсті. Қазір полиция күдіктінің тосын қылығының мән-жайы мен келтірілген залал мөлшерін анықтауға кірісті.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы