Әсел Айтбаеваның өлімі: күдіктіге қатысты сот санкциясы шықты

Грузияда қаза болған қазақ қызы Әсел Айтбаеваның өліміне күдіктіге қатысты сот санкциясы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні 2 ай уақытқа, яғни шілденің 15-іне дейін қамау туралы қаулы шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Айтбаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтады. Онда белгісіз ер адамның оған зорлық көрсетіп, қорқытқанын естуге болады.