Қазақстан аумағында Күн тұтылды

Бұл ерекше сәтті 60 мемлекеттің тұрғындары тамашалады. Сирек болатын астрономиялық құбылысты қазақстандықтар да көрді.

Күннің тұтылуы әсіресе еліміздің солтүстігінде ұзағырақ сақталған. Павлодар, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларында тұтылған күн 36 процентке көрінген. Аспан құбылысы кешкі алтыда басталып, бір сағатқа созылды. Күнді ай тасалап, дөңгелек диск тәріздес болып көрінді. Астрофизиктер биыл күн 4 мәрте тұтылатынын айтады. Күннің ең ұзақ уақытқа тұтылған сәті 2010 жылы 15 қаңтарда тіркелген.

Геннадий Кузьмин, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Қызығушылық танытатындар өте көп. Космоспен байланысты кез келген құбылыс адамзат үшін жаңалық. Таңғажайып сәтті тамашалау да бір ғанибет. Бұл туралы ғалымдар да зерттеп, өз болжамдарын  айтып жатыр. 

Андрей Солодовник, профессор:

- Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда солтүстікте ұзағырақ байқалады. Аспан құбылысы өзге өңірлерге де көрінуі тиіс. Сондықтан жұрт бұл сәтті бір мезетте тамашалады десе де болады.