ШҚО-да екі бала құдыққа құлап көз жұмды

ШҚО-да екі бала құдыққа құлап көз жұмды
Almaty.tv

ШҚО-да үш жасар екі бала құдыққа құлап көз жұмды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

ШҚО ПД хабарлағандай, бірінші қайғылы оқиға 7 маусымда Өскеменде, екіншісі 9 маусымда Глубокое ауданында болған.

– Облыс орталығында үш жасар қыз үйдің ауласында ойнап жүріп кәріз суына құлаған. Ол Ана мен бала орталығына жеткізілген, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады, – деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері. – Екі күннен кейін Глубокое ауданының полиция бөліміне жергілікті жансақтау бөліміне үш жасар баланың жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Ол үйдің айналасында ойнап жүріп желілік құдықтың қақпағын басып қалған. Ал ол аударылып кетіп, бала құдыққа құлаған. Алған жарақаттарынан бүлдіршін ауруханада қайтыс болды.