Алматыда аяғы ауыр келіншек көшеде босанып қалды

Алматыда аяғы ауыр келіншек көшеде босанып қалды
фото: n71.ru

Алматыда аяқ асты толғағы келген келіншек көшеде босанып қалды. Ол перзетханаға жетіп үлгермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндіргендей, келіншектің көшеде босанып қалуының себебі – медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген.

«Алматылық әйел өз уақытында медициналық көмекке жүгінбеді. Жағдайына мән бермеген. Жедел жәрдем қызметімен олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады», - деп хабарлады ведомстводан.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан.

Ол дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған.