Бурабайда қайық аударылып, бес адам құтқарылды

Бурабайда қайық аударылып, бес адам құтқарылды

Ақмола облысының Бурабай көлінде бес адам отырған қайық аударылып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

«Бүгін сағат 17:45-те Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде ТЖД күшімен бес адам құтқарылып, жағаға жеткізілді, олар отырған шағын яхта жүзу кезінде аударылып кетті» делінген ҚР ТЖМ ресми өкілінің мәлімдемесінде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте ҚР ТЖМ дауыл кезінде көлде суға шомылуға және қайықпен жүзуге болмайтындығын ескертеді.