424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

  • 202
  • UPD: 12:40, 21.06.2021
Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

Оқиға Көксу ауданының Алғабас ауылының маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 маусым күні сағат 22:50 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының 225-шақырымында көлік апаты болды. «Митсубиси Галант» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай «Скания 124» жүк көлігіне соғылған. «Митсубиси Галант» көлігінің жолаушысы мерт болды. Осы көліктегі тағы бір адам ауруханада жан тапсырды. «Осы жеңіл автокөліктің тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесіне түсті. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды». – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы