ШҚО-да дала өрті өршіп тұр

Шығыс Қазақстан облысында дала өрті болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Тарбағатай ауданында 25 гектар аумақ жанған. Оны сөндіруге құтқару қызметімен қатар жергілікті билік өкілдері де күш салды. Бұл ретте мамандар ыстық күндері табиғат аясында от жақпауға кеңес береді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҚАЗА ТАПТЫ

Ақмола облысында да қайғылы жол апаты болды. Көкшетау – Рузаевка бағытында «Фольцваген Пассат» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соғылған. 29 жастағы жүргізуші сол жерде жан тапсырды.

ПЕТРОПАВЛДА ҮЙ ӨРТЕНІП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Петропавлда үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдай қала шетіндегі Борки кентінде болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп,  үй ішінен 1964 жылғы ер адамның мүрдесін алып шықты.

ПАВЛОДАРДА ТІГІН ЦЕХЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ

Павлодарда белгісіз біреу тігін цехін өртеп жіберді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бұл қасақана жасалған қылмыс. Өйткені, ғимаратқа екі күн қатарынан от қойылған. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр.

ШЫМКЕНТТЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ОТҚА ОРАНДЫ

Өрт сөндірушілер келген бетті ғимараттың шатыры мен ішінде тұрған жеңіл көлік жанып жатқан. Мамандар 3 газ және оттегі баллонын алып шығып, қауіптің бетін қайтарды. Қазір өрттің себеп – салдары анықталып ЖАТЫР.

ӨСКЕМЕНДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРМЕК БОЛҒАН АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Өскемендік құтқарушылар газға тұншығып өлмек болған ер адамға араша болды. Ол гаражға қамалып, көлігін оталдырып қойған. Бұл туралы куәгерлер хабар берді. Оқиға орнына келген мамандар темір есікті кесіп, жігітті алып шақты.