Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды

Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды

26 маусымда Қостанай – Қарабұтақ тасжолында Renfult-Sandera автокөлігін басқарып келе жатқан 36 жастағы әйел қарсы бағытта келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан.

Бұл туралы alau.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол апаты салдарынан Renfult-Sandera көлігінің кәмелетке толмаған үш жолаушысы көз жұмды, екеуі 14 және біреуі 17 жаста. Сол көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы жарақат алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.