Талдықорғанда снаряд жарылып, екі адам зардап шекті

Талдықорғандағы арматура зауытында оқ-дәрі жарылып, екі адам зардап шекті.

Жарақат алған жұмысшылар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін бір науқас үйіне қайтарылса, екіншісі аса ауыр хәлде келіп түскен. Оның бауыры мен  бүйрегі зақымданған. Сол себепті шұғыл түрде операция жасалды.

Дәурен Аенов, қалалақ Көпсалалы аурухананың дәрігері:

- Жарылуға байланысты ренген снимогін жасағанда бірден бөгеде зат көрініп тұр. Бауырға келіп зақымданғаннан кейін, қан ағу, қан толу белгілері сондықтан жедел алынып жедел жасалдынды. Бүйректің жыртылуына жарамсыздығына байланысты уролог дәрігерлермен бірге шешім қабылдап бүйрегі алынды. Қазіргі жағдайы орташа ауыр.

Кеше түнде болған оқиғаға байланысты «Қазақстан-Қытай» бірлескен кәсіпорынының жұмысы тоқтатылды. Мамандар қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнында полицейлер, ТЖД өкілдері, жедел-жәрдем қызметі мен саперлар залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өндіріс орнына ракетаға қарсы қолданылатын қарудың қайдан әкелінгені тексеріледі. Бейресми мәлімет бойынша 20 тонна қару «Арыс» қаласынан жеткізілген болуы мүмкін деген де болжам бар.