424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда бірнеше ер адам көшеде пышақтасты

  • 141
  • UPD: 17:11, 14.07.2021
Теміртауда бірнеше ер адам көшеде пышақтасты

Теміртауда бірнеше ер адам көшеде төбелесті.

Оқиға балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Оқиға Теміртаудағы шағын аудандардың бірінде болған және бақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі ер адам алдымен көшеде төбелесіп, артынша тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрсетілген. Нәтижесінде олардың біреуі қолына пышақ алған. Артынша ер адамдар тұрақта тұрған көлікке отырып, кетіп қалған. 

Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қарағанды облысының Полиция департаменті видеоны зерттеп, оған қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, төбелескен ер адамдар анықталған. 

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық ер адам анықталды. Бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр», - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Хабар 24 телеарнасы