Елордада есірткі саудасымен айналысып жүрген күдікті ұсталды

Елордада есірткі саудасымен айналысып жүрген күдікті ұсталды

33 жастағы азаматтың көлігі Қосшығұлұлы көшесінде тоқтатылған. Тінту кезінде гашиш есірткісі оралған 13 полиэтилен пакет табылды.

Мекен-жайы бойынша үйін тексергенде сатуға арналған тағы 2 полиэтилен пакет, электронды таразы, және басқа заттар табылды. Арнайы операция кезінде 1 жарым келі есірткі тәркіленді. Полиция қызметкерлері қолға түскен азаматтың сыбайластарын анықтау үшін жедел іздестіру операциясына кірісті. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолға түскен адам қамауға алынды.