Павлодар ауылының маңында жол апатынан бір адам көз жұмды

Павлодар ауылының жанында жол апатынан бір адам көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы Павлодар – Омбы автожолында болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні сағат 01:25-те Павлодар ауылының жанында «Лада Веста» маркалы автокөлігі «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «УАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды», - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Омбы тасжолында жол апатынан зардап шеккен үш адам туралы хабарлады. Олардың бірі 1991 жылы туған ер адам нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған. 1996 және 1994 жылы туған зардап шеккен екі ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне амбулаториялық бақылауға жіберілді.