Ақтаудағы түрме жатақханасының қирауынан қаза тапқан адам саны артты

Ақтаудағы түрме жатақханасының қирауынан қаза тапқан адам саны артты

Ақтаудағы түрмеде барлық нысанның техникалық жай-күйін арнайы комиссия тексеріп жатыр. Бұл мәселе ішкі істер министрінің жіті назарында.

Бүгін министрдің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов көпбейінді ауруханаға барып, емделіп жатқан сотталушылардың жағдайымен танысты. Оларға жақындарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесуге рұқсат берілген. Ал полиция департаменті «сапасыз салынған құрылыс» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кеше түрме жатақханасы опырылып түскенде, ішінде 10 адам болған.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, 3 жазасын өтеуші көз жұмды. Қалғаны құтқарылды, денсаулықтары бірқалыпты.