Елордада үйлену тойы өтіп жатқаны анықталды

Елордада үйлену тойы өтіп жатқаны анықталды

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы карантиндік шектеулердің сақталуы тұрғысынан қаланың кәсіпкерлік объектілерін тексеруді жалғастыруда. Мәселен өткен тәулікте, яғни 20 тамызда қаланың 10 мекемесі шектеу шараларын бұзды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Есіл ауданының құқық бұзушылар тізімінде 4 мекеме бар. Оның ішінде Мәңгілік Ел даңғылындағы «Лото клуб», «La Terrazza» мейрамханасы, «The Bus» бар, «Хан Талапай» мейрамханасы бар. «Хан Талапай» мейрамханасында көп адамның қатысуымен үйлену тойы өтті.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Discrit playstation» ойын клубында және «Табу» массаж салонында карантин сақталған жоқ.

Алматы ауданының мониторингтік топтары «Шеш Беш» кафесінде, «Царская моншада», «Сова» караоке клубында шектеу шараларының бұзылуын тіркеді. Байқоңыр ауданында «Шашлыкоff» барында карантин ескерілген жоқ.

Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, коронавирустың таралуының одан әрі өсуіне жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.