425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмолалық полицейлер жалған нөмірлі автокөлікті анықтады

  • 191
Ақмолалық полицейлер жалған нөмірлі автокөлікті анықтады

Ақмолалық полицейлер «Автомобиль» іс-шарасы барысында жалған нөмірлі автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік құралдарының айдап әкетілуі мен ұрлануының алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 16-22 тамыз аралығында Ақмола облысының аумағында республикалық «Автомобиль» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Ағымдағы жылғы 18 тамызда жедел іс-шаралар өткізу кезінде облыстық Полиция департаментінің КҚҚБ ППБ қатысуымен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан 38 жастағы жүргізушісі жүргізген көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар Toyota Highlander маркалы автокөлігін анықтады. Жүргізушінің тіркеу құжаттары мен агрегаттардың түйіндерін тексеру барысында көліктің бұрын есептен шығарылғаны, ал кейінірек оған ресейлік есептің жалған нөмірлері қойылғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабының 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тәртіп бұзушының көлігі арнайы тұраққа қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы