Шекарадан 50 келі күмісті жасырын алып кетпек болған азамат ұсталды

Шекарадан 50 келі күмісті жасырын алып кетпек болған азамат ұсталды
Фото: gov.kz

Қазақстан шекарасынан 50 келі күмісті жасырын алып кетуге тырысқан тұрғын ұсталды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

21 тамызда шекарашылар Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Mercedes-Benz маркалы автокөлік салонын тексеру барысында орындық астынан полиэтиленге оралған күміс бұйымдарды тапқан.

«Бұйымдардың жалпы салмағы 50 келі 516 грамм болған. Алдын ала бағалау құны 16 миллион теңге болды», - деді ведомство өкілі.

Факт бірыңғай деректер тізіліміне тіркелді. Айыпталушы мен контрабандалық жүк Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу әрекетін жүргізу үшін тапсырылған.