Әкімдіктегі бассыздық! Күзетшілер «Хабар 24» тілшісін есіктен шығарып жіберді

«Хабар 24» телеарнасындағы «Әкім» бағдарламасының жүргізушісі Ақбөпе Тәңірбергенді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілері мәжбүрлі түрде есіктен шығарып жіберді.

«Сен – әкімдік пен халық арасындағы көпірсің» дедіңіздер. Мен желпілдеп жетіп бардым. Әкімдік болса сіздердің көпірлеріңізді далаға лақтырып жіберді. Бітті. Алматы қаласы Алатау ауданындағы әкімдіктен мәңгі естелік», – деп жазды Ақбөпе Тәңірберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі уақытта телеарна журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге қатысты шағым дайындап жатыр.

Ал Ақбөпе Тәңірберген жүргізетін «Әкім» бағдарламасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар.