Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты пікір білдірді
www.gov.kz

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында болған жарылысқа байланысты пікір білдірді.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде.

Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді» делінген хабарламада.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды