Тарбағатайда 28 тонна шөп жанып кетті

Тарбағатайда 28 тонна шөп жанып кетті
Новая газета

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 28 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қысқы мал азығы бірер сағатта күлге айналды. Осылайша жаз бойы қысқа қамданған тұрғындардың бірі шаш етектен шығынға батты. Дәл осындай жағдай Бородулиха ауданында да болды. Ауладағы 9 тонна шөп өртеніп, қора-қопсыны қызыл жалын шарпыды.