Алматыда қылмыстық топтан 8,5 келі есірткі тәркіленді

Алматы қаласының тәртіп сақшылары есірткі сатқандарға қарсы арнайы операция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесінде 35 пен 52 жас аралығындағы 5 адам қолға түсті. Тексеру барысында олардан 8,5 келі есірткі табылды. Зиянды заттардың Жамбыл облысынан жеткізіліп тұрғаны анықталды. Сол өңірдің тұрғыны қылмыстық топ басшысы болған. Одан тәркіленген үш қарудың екеуі ұрланған болып шықты. Қамауға алынғандарға қатысты іс қозғалып, сот баллистикалық сараптамасы тағайындалды.