Алматыда үйден шыққан өрттен ер адам қаза тапты

Алматыда үйден шыққан өрттен ер адам қаза тапты
SN.kz

Алматыда «Қазақфильм» ықшамауданындағы көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрттің шыққаны туралы Төтенше жағдайлар департаментіне кеше 06.41-де хабарлама түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 06.50-де жеткен.

«Бес қабатты үйдің бірінші қабатынан қою түтін шыға бастаған. Кей тұрғындар пәтерден шығып үлгерген. Өрт сөндіру қызметінің құтқарушылары құтқару құралдарының көмегімен торды бұзып, ас үйде қамалып қалған 75 жастағы тұрғынды алып шықты», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметі.

Өрт шыққан пәтердің иесі екі немересін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Төтеншеліктер жанып жатқан пәтердің түпкі бөлмесінен ер адамның денесін тапты. Мәлім болғандай, ол 1977 жылы туған.

Ал зардап шеккендер жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Өрт токқа қосылған элктросамокаттан шығуы мүмкін деген болжам бар. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.