Ақтауда жол апаты екі адамның өмірін қиды

lada.kz

Ақтауда жол апатынан  екі адам мерт болып, бір адам жарақат алды.

17 және 18 шағын аудандардың арасындағы жолдың бойында Mercedes-Benz және Toyota Corolla автокөлігі соқтығысқан. Алғашқысы жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп,  бағанаға түйіскен. Көліктегі 41 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адам сол жерде көз жұмған.  Ал «Тойота» көлігі аударылып, кейін отқа оранған.  Оның жүргізушісі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оған операция жасалып, травмотология бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты.

Әйгерім Ибатуллаева, Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің бастығының м. а.:

– 2021 жылғы 8 қарашада 21:49 шамасында Ақтау қаласы ПБ 102 кезекші пультіне жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті. Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Тергеу амалдары жүргізілуде.