Қарағанды – Нұр-Сұлтан трассасындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

Қарағанды – Нұр-Сұлтан трассасындағы ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

14 қараша күні Қарағанды – Нұр-Сұлтан трассасында бес көлік соқтығысты.

Салдарынан оқиға орнында екі адам көз жұмды.  

«Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.