АҚШ-та тұратын отандасымыз әйелді ажалдан аман алып қалды

АҚШ-та тұратын отандасымыз Ақжан Аңсағанов көпірден секірмек болған бейтаныс әйелді құтқарып қалды.

Оқиға Гавайи штатының астанасы Гонолулу қаласында болған. Қазір видеодан көріп тұрғандарыңыздай, Ақжанға өзгелер де көмектесіп, полиция келгенше әйелді жібермей ұстап тұр. Ал Ақжан Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Қазақ баласының ерлігіне тәнті болған Гавайи штатының басшысы 8 қарашаны Ақжан Аңсағанов күні деп жариялап, ресми түрде бекітті. 

Аңсағанов Ақжан, Гавайиде тұратын қазақ:

- Мен жай ғана өз жұмыстарыммен кетіп бара жатқанмын. Қарама-қарсы жақта 35-40 жас шамасындағы бір әйел өтіп бара жатыр екен. Оның жылап бара жатқанын байқадым. Бір қарасам, жаңағы әйел  көпірден секірейін деп жатыр. Шынымды айтсам, басыма әртүрлі ой келді.  Оның үстіне бөтен елде жүрмін. Бірақ бұл адамның өмірі ғой. Сол себепті еш ойланбастан оны құтқарып қалайын дедім. Сөйтіп бірден іске көштім.