Қызылордада үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды

Қызылордада үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды
inform.kz

21 қарашада сағат 17.43-те жеке тұрғын үй өртенді. Алдымен тұрғын үйдің едені отқа оранған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылған. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екінші адам оған қонаққа келген 1990 жылғы адам.

Алдына ала жасалған болжам бойынша өрттің шығуына себеп болған отты абайсызда қолдану, яғни темекі шегу – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Оқиға орнына департаменттен үш қызметкер техникамен барды.