Рудный-Қостанай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

BMW көлігін мас күйінде жүргізген ер адам кісі өліміне себепкер болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қараша күні сағат 5.30 шамасында 29 жастағы жүргізуші Рудный-Қостанай автожолында BMW көлігін мас күйінде жүргізіп, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 31 жастағы жергілікті тұрғынның Audi маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан жүргізуші мен BMW көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Audi жүргізушісімен бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы 2 жолаушы ауруханаға жатқызылды», – делінген ведмоствода.

Жол-көлік оқиғасы бойынша Рудный полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазір BMW жүргізушісі Рудныйда уақытша ұстау изоляторына қамалды.