Оралда шетелдік жүргізуші көлікпен бағдаршамға соғылды

Оралда шетелдік жүргізуші көлікпен бағдаршамға соғылды

Оқиға 23 қарашаға қараған түні болған. Темір тұлпар тізгіндеген 21 жастағы ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Полиция департаментінің мәліметінше, «ВАЗ 2114» маркалы көлік Сарайшық көшесінің бойындағы жиектасқа шығып кетіп, бағдаршамға соғылған. Жүргізуші Өзбекстан азаматы болып шықты. Көлікте тағы үш отандасы отырған.

«Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы, 6 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» деп жазды БҚО ПД баспасөз қызметі.