Ақтөбеде көліктен қару табылды

Тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктен қару тапқан және көлік жүргізуші есірткі пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

18 бен 25 жас аралығындағы үш ер азаматтан 2 мылтық, 6 патрон мен 2 пышақ тәркіленді. Сондай-ақ рөлде отырған жүргізушінің есірткі заттарын пайдаланғаны байқалды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.