СҚО-ның Уәлиханов ауданында су құбыры жарылды

СҚО-ның Уәлиханов ауданында су құбыры жарылды

Солтүстік Қазақстан облысында құбыр жарылып, Уәлиханов ауданындағы Телжан және Көбенсай ауылдарының тұрғындары сусыз қалды.

Нұрболат Ғаббасов, СҚО сумен қамту кәсіпорынының  директоры:

- Қазір шығып кеткен құбыр анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәрі дұрыс болса, су ертең беріледі. Бұл көктем, қыс сайын қайталанатын жағдай. Осы уақытта жер ойнайды. Сондықтан оған шыдамайтын желіні ауыстыруға бюджеттік өтініш дайындалды.