Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам жараланды

Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам жараланды

Ақтөбе облысында мұнай компаниясының жұмысшылары мінген көлік аударылып, 7 адам зардап шекті. Бұл оқиға Темір ауданының аумағында болды.  Кен орнынан кешқұрым  Кеңқияқ ауылына қарай бағыт алған «Камаз» жүк көлігі жолдан ауып кеткен. Полицияның хабарлауынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жүргізуші сосын оның 6 жолаушысы Кеңқияқ ауылдық больницасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Адамдары аман қазір.