Қырғызстаннан елімізге 2 мыңнан астам смартфонды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

Қырғызстаннан елімізге 2 мыңнан астам смартфонды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

Қырғызстаннан Қазақстанға екі мыңнан астам смартфонды заңсыз әкелмек болғандар ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Контрабандалық тауарлар Жамбыл облысында тіркелген. Шекарадан өтпек болған жүк көлігінде Apple және Samsung фирмаларының смартфондары мен электрондық құрылғыларының ірі партиясы табылды. Олар жүктерді жасырын тасымалдауға арналған бөлікте болған. Жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын гаджет тәркіленді. Олардың ешқайсысының құжаты жоқ болып шықты.