Батыс Қазақстанда қыстаққа кеткен бес адамның екеуі табылды

Батыс Қазақстанда қыстаққа кеткен бес адамның екеуі табылды
Nege.kz

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінде болған.

27 желтоқсан күні сағат 15.00-де бес адам МТЗ-80 тракторымен Первомай ауылынан Шынқұдық қыстағын бетке алып, шығып кеткен. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 30 желтоқсан күні сағат 16.02-де жоғалғандардың екеуі Шынқұдық қыстағы маңынан табылды. Олар медициналық көмекті қажетсінбеді. Қалған үш адамды іздестіру жалғасуда.