Алматы метросының жанынан оқ-дәрі табылды

Бүгін Алматыда метрополитен маңынан инспектор-кинолог қызметтік итімен «Абай» бекетінің аумағын тексеріп жүргенде оқ-дәрі тапқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол жерден Калашников автоматының 30 дана оғы мен екі жарық-шулы граната шықты. Оқ-дәріні Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тәркіледі. «Абай» бекеті қаңтар оқиғасы болған Республика алаңына жақын орналасқан.

Әнуар Шынәлі, қалалық пд инспектор-кинологы:

– Қызметтік итіммен Дозор атты метрополитен бекетінің аумағын тексеру барысында пакетте оқ-дәрілермен және екі дыбыстық граната табылды. Метрополитендегі кезекші бөлімге хабарлама бердім, жедел тергеуші тобы келді.