Қостанайда алаяқтар өзгелердің атына 26 млн теңге кредит рәсімдеген

Қостанайлықтарды 26 миллион теңгеге тақырға отырғызған алаяқтар ұсталды.

Елорда тұрғындары микрокредиттік ұйымдар арқылы өзгелердің атына несие рәсімдеген. Алаяқтардың әрекетінен Қостанайдағы қаржы ұйымы шығынға батқан. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер қамауда отыр. Қылмыстық кодекске сәйкес, енді олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зәуре Едікова, облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қалалық екінші сотқа аталған іс желтоқсан айында келіп түсті. Қазір қыруар қаржыны жымқыру бойынша тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Процессуалдық шешім қабылданады.