Маңғыстауда суға кеткен балықшының денесі табылды

Маңғыстау облысында екі күн бұрын суға кеткен балықшының мәйіті Каспий жағалауына жақын маңнан табылды.

Сүңгуірлер ер адамның денесін 4 метр тереңдіктен алып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауға жақын жерде орналасқан "Алау" демалыс аймағында балықшы суға батып кеткен еді. Оның денесін құтқарушылар мен еріктілер бір тәуліктен астам уақыт іздеді.