Ақтөбе облысында көлік апатынан бес адам көз жұмды

«Самара-Шымкент» тас жолының бойында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға Ақтөбе облысындағы Өлке ауылының маңында болған. Полицияның хабарлауынша, Өзбекстан азаматы басқарған Mercedes маркалы жүк машинасы жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан Toyota Camry-55 көлігін түйген. Оның салонында болған жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қазір осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айдос Құлжанов, облыстық пд жпқ басқармасы басшысының орынбасары:

– Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында 27 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам қаза болып, 48 адам дене жарақатымен аурухана қаралған. Барлық жүргізушілерді қысқы мезгілдерде жолдың жағдайын ескеріп, автокөліктердің жағдайын қарап, сосын барып жолға шығуға шақырамыз.