БҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды

БҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды
БҚО ПД баспасөзі

Тағы 3 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бүгін, 31 қаңтарда Чапаев-Жалпақтал-Қазталов тас жолының бойында болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «ВАЗ-2107» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, Toyota Camry-ге соқтығысқан. Салдарынан 2 адам жан тапсырды. Үш адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» – деп жазды БҚО ПД баспасөз қызметі.