Талдықорғанда төрт адамның мәйіті табылды

Талдықорған қаласының Еңбек ауылындағы жер үйлердің бірінде бір отбасы мүшелері қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 1998 жылғы ерлі-зайыпты. Қалған екеуі олардың 2018 және 2021 жылы дүниеге келген балалары. Марқұм болған отбасы жалдамалы үйде тұрыпты. Алдын ала жасалған болжам бойынша олар екі-үш күн бұрын қайтыс болған. Қайғылы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ерлан Ахашов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Отбасы мүшелерінің қайтыс болу себебі сот медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады. Дегенмен ыс тиюі салдарынан да көз жұмуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардан жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеміз.