Ойын клубын өртеп, видеоға түсірген маңғыстаулық азамат ұсталды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны ойын клубын өртеп жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол от қойған сәтін телефонына түсірген. Айтуынша, бұл құмар ойындарынан құтылудың жалғыз амалы. Өрт шыққаны туралы хабар шамамен сағат 11-лерде түскен. 36 жастағы күдікті бірден оқиға орнында ұсталды. Ол айыбын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.