Орал полициясы бастығының орынбасары төрт миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр

Орал полициясы бастығының орынбасары төрт миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр

ҚР ІІМ қызметкерлері Орал қалалық ІІБ бастығының орынбасары Эдик Булатовты ұстады. Ол 4 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24» Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес полковник Булатов есірткі қылмысын жасыруға уәде беріп, пара алған. Оны елордадан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі қауіпсіздік басқармасының тобы ұстады.

ПБ бастығының орынбасары Эдик Булатов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі қызметін 1995 жылы бастады. 2018 жылы Орал қаласына көшіп келген. Алғашында жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы, кейін есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасын басқарып, кейін Орал қалалық ІІБ бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

БҚО ПД баспасөз қызметі Булатовтың ұсталғанын растамады, бірақ оны жоққа да шығармады.