Шығыс Қазақстанда мал ұрлағандар ұсталды

Абай ауданында еркін жайылымнан 13 жылқыны ұрлады деген 24 жастағы өңір тұрғыны күдікке алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 25 және 40 жастағы тағы үш ер адамды ұстады. Олар былтыр маусым-қараша айларында қараусыз жайылып жүрген 24 бас жылқыны айдап әкетті деп айыпталуда. Жәбірленушінің бағалауы бойынша оған келтірілген залал шамамен 6 млн.теңгені құрады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,ұсталғандар сот санкциясымен қамауға алынды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер мал жаюдың белгіленген ережелерін сақтауға, оны қараусыз қалдырмауға шақырады.